Тәлімгерліктен – кәсіби дамуға

Беисенкулова Андия мен  Кулен Фарида педагогтерге курстан кейін әдістемелік қолдау көрсету және тәлімгер-педагогтердің, жас мамандардың  кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тақырыбында облыстық брифинг өткізді. Меркі және Сарысу аудандарынан онлайн байланысқа шыққан  тәлімгер – педагогтер жас мамандармен жұмыс жүйесін, нәтижесін,  жұмысты ұйымдастырудың инновациялық формалары мен әдістерін, жас мамандар тәлім алу кезіндегі  шығармашылық ізденістегі жаңашыл тәжірибелерін бөлісті. Іс-шараға Меркі ауданы, №5 мектеп-гимназиясының  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Наушабаева Гульбагира; М.Әуезов атындағы мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Арыстанбекова Гүлнұр; Сарысу ауданы, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кенбаева Ағайша; Т.Рысқұлов ауданы, Құлан мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Арыстанбеков Фараби белсене атсалысты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар