Біз ақпараттық әлемде өмір сүріп жатқандықтан әртүрлі арналар арқылы келетін ақпарат көлемі күрделілік деңгейде өсіп келеді. Бұл ақпаратпен жұмыс істеуді, оны құрылымдауды, сұрыптауды, белгілі бір дәрежеде сынмен қарауды және қажеттісін таңдауды үйрену – білім алушыларға оқу сауаттылығын дамыту қажеттілігін көрсетеді.
Жалпы функционалдық сауаттылықтың әртүрлі түрлері бар, соның ішінде оқу, математикалық, жаратылыстану сауаттылығы болып қарастырылуда. «Оқу сауаттылығы» термині. Ол енді эрудиция немесе оқу техникасының синонимі емес, оқығанды түсіну, пайдалану және талдау қабілетімен байланысты.
Бүгінгі айдар аясында сіздерге «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Шымкент қаласы бойынша КДИ» ұйымдастырған «Білім беру сапасын бағалау: халықаралық салыстырмалы зерттеулер мектеп тәжірибесінде» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мамбетова Ақтоты Сактагановнамен өз тәжірибемізді бөлісуге мүмкіндік алдық.
Іс-шара аясында «Оқыту үдерісінде жеке тұлғаның оқу сауаттылығын қалыптастыру тәсілі» тақырыбында өз практикамызда қаншалықты аталған сауаттылықты арттырып, жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамытуды белгіленген жүйеде жүргізіп жатқанымыз туралы ой бөлістік.
Республикалық конференцияға республикамыздың әр тарапынан мектеп мұғалімдері мен «Өрлеу» аға оқытушылары өзара тәжірибе алмасу аясында жүзеге асты.

- 28 Фев
- 2023