2023 жылдың 27 ақпанында ШҚО бойынша “Өрлеу” филиалының ұйымдастыруымен “Ауылдық мектеп жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен оқу және оқудан тыс жұмысты ұйымдастыру” тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.
Вебинар ШҚО Глубокое аудандық білім бөлімінің “Опытное поле орта мектебі” КММ базасында ұйымдастырылды.
Вебинардың модераторы ШҚО бойынша “Өрлеу” филиалының аға оқытушысы Сергей Геннадьевич Щеглов болды.
Вебинарға қатысушылар: директорлардың орынбасарлары, психологтар, әлеуметтік педагогтар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс істейтін педагогтар ашық сабақтарға, шеберлік сыныптарына қатысты.
Вебинар тек материалымен ғана емес, сонымен қатар өткізу формасымен де қызықты болды, қатысушылар арасында жанды диалог, қызу талқылау, тәжірибе мен пікір алмасулар орын алды.
Қатысушылар вебинарда бұрыннан бар білімдерін жүйелеп және жаңа ақпаратты меңгергеніне сеніміміз мол.



