Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 года ago

      «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ

жүргізуші лауазымына конкурс жариялайды

Біліктілікке қойылатын талаптар: жүргізуші куәлігінің тиісті санатының B  болуы, D санаты болғаны қалаулы, көлік құралын кемінде үш жыл басқару өтілін болғаны қалаулы. Мемлекет-тік және (немесе) орыс тілдерін білу.

Білуге тиіс: Жол қозғалысы және автомобильдерді техникалық пайдалану қағидаларын; қызмет көрсетілетін автомобильдер агрегаттарының, тетіктері мен аспаптарының мақсатын, құрылысын, жұмыс істеу қағидатын және жұмысын; автомобильді пайдалану процесінде туындаған ақаулықтардың себептерін, оларды анықтау және жою тәсілдерін; техникалық қызмет көрсету жүргізу тәртібін, автомобильдерді гараждарда және ашық тұрақтарда сақтау қағидаларын, аккумуляторлық батареялар мен автомобиль шиналарын пайдалану ережелерін, жаңа автомобильдерді және күрделі жөндеуден кейін жүргізіп сыннан өткізу ережелерін, автомобиль жүргізу қауіпсіздігіне ауа-райының әсерін, жол-көлік оқиғаларының алдын алу тәсілдерін, жол-көлік оқиғалары кезінде жолаушыларды шұғыл эвакуациялау тәртібін, қызмет көрсетілетін автомобиль жұмысын есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды толтыру ережесін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білу керек.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 07.03.2023 ж. дейін Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2023 жылғы 09 наурыздада, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job