Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 года ago

      «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Атырау қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды;   

        Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

 Ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл.

        Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», Заңдарын, сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін.

Негізгі міндеттері:

  1. Филиалдың барлық ағымдағы қызметін басқару;
  2. өз өкілеттігі шегінде штаттық кесте негізінде және ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес Филиал жұмыскерлерімен еңбек шарттарын, қызмет көрсету шарттарын және Филиалдың оқу және шаруашылық қызметіне қатысты өзге де шарттарды жасасу, өзгерту, орындау және бұзу;
  3. барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыруға, олардың қызметін дамытуға бағыттау;
  4. Филиал қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастыру, тыңдаушылар үшін біліктілікті арттыру курстарының ұйымдастырылуын бақылау, бұл үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
  5. білім беру бағдарламаларын құру және тәжірибеде іске асыру жөніндегі жұмысты басқару;
  6. инновацияларды енгізу үшін жағдайлар жасау, Филиал жұмыскерлерінің Филиал жұмысын жақсартуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған бастамаларын қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету;
  7. оқу-материалдық базаның есепке алынуын, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын, құжаттаманың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз ету, Филиал туралы ережеде көзделген Филиал қызметін жүзеге асыру үшін қосымша қаржы және материалдық құралдардың көздерін тарту;
  8. Филиалда орындалатын оқу-әдістемелік және басқа да жұмыс түрлерінің көлемі мен нысандарын ескере отырып, Филиалдың штат кестесін әзірлеуге қатысу;
  9. жұмыскерлерді сапалы еңбекке ынталандыруды арттыру, оның ішінде оларды материалдық ынталандыру негізінде, Филиалдың мамандар тартудағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, басқаруды ұтымды ету және еңбек тәртібін нығайту жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
  10. мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен, қоғаммен, азаматтармен қосымша білім беру мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
  11. өз құзыреті шегінде барлық жұмыскерлер мен білім алушылар үшін міндетті өкімдер, бұйрықтар, нұсқаулар шығаруға, мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық және өзге де органдарда, мекемелер мен ұйымдарда Филиал атынан өкілдік ету;
  12. өз өкілеттіктері шегінде бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде филиалдың қаржы қаражатына билік ету;
  13. салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің (оның ішінде зейнетақы аударымдары мен жарналар), сондай-ақ Филиал жұмыскерлерінің жалақысының уақтылы төленуін қамтамасыз ету;
  14. Филиал үй-жайларының, оқу жабдықтарының сақталуын және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;
  15. Филиал жұмыскерлерінің Қоғамның және Филиалдың ішкі нормативтік құжаттарын, еңбек және орындаушылық тәртібін, еңбек және ұжымдық шарттар талаптарын, лауазымдық нұсқаулықтарды сақтауын қамтамасыз ету;
  16. атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберіндегі мәселелер бойынша жобаларға, жұмыс топтарына, комитеттердің жұмысына, сапалы білім беру бағдарламалары (ББ) мен оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) әзірлеуге, ББ сараптамасына, отырыстарға, кеңестерге, әдістемелік семинарларға қатысу;
  17. Филиалда нормативтік-құқықтық және заңға тәуелді актілердің, ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес іс жүргізуді қамтамасыз ету; құжаттардың сақталуын және оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізуді қамтамасыз ету;

18) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген басқа да міндеттерді орындау.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 07.03.2023 ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2023 жылғы 9 наурызында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job