«Өрлеу» Павлодар филиалымен серіктестік келісімі аясында ағымдағы жылдың 3 наурызында «Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау тәжірибесін курстан кейінгі қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға «Әдістемелік және педагогикалық инновациялар» (Шымкент) және «Жаратылыстану-гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» (Павлодар) кафедраларының оқытушылары қатысты. Дөңгелек үстелде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіне сапалы қолдау көрсету мәселесіне басты назар аударылды. Мәселені талқылау барысында мұғалімдер заманауи жағдайда курстан кейінгі қолдауды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдерін қарастырды. Мұғалімдердің функционалдық сауаттылық бағытында кәсіби деңгейін арттыру бойынша жүйелі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, атап айтқанда, білім алушылардың арасында функционалдық сауаттылықты дамыту тәжірибесін көрсету үшін бірыңғай әдістемелік күндерді, әдістемелік десанттарды, конференцияларды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы қорытындыға келді.

- 03 Мар
- 2023