Жаңа технологиялар дәуіріндегі мектеп білімін трансформациялау

Ағымдағы жылдың 10 наурызында «125 High School Taraz» жекеменшік мектебінің базасында білім беру ұйымдарының басшылары үшін «Жаңа технологиялар дәуіріндегі мектеп білімін трансформациялау» Best practice өткізілді. Аталмыш шарада мектеп директорлары интерактивті шараларға қатысып,  білім беруді трансформациялаудың өзекті мәселелері  бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Best Practice барысында «Ақыл-ойдың тоғысуы» интерактивті сессиясы, «Жаңа концепция-жаңа мектеп бағдары» атты коучинг, «Қазіргі заманауи мектепте кәсіби өсуге бейім команданы қалай құруға болады?» рефлекциялық  тәжірибе шаралары мазмұнды әрі қызықты өтіп, қатысушылар тарапынан кері байланыста ұтымды ұсыныстар көп болды.

Институт директоры С.Құрманбекова шараның ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың аппараттық кеңесте берген тапсырмасын жергілікті жерде жүзеге асыру аясында мектеп директорларының әлеуетін арттыру, кәсіби деңгейін көтеру, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті. Басты мақсат – мектеп басшыларының кәсіби шығармашылық ортасын құрып, басқаруға жаңашылдық ендіру, заманауи мектеп моделін қалыптастыруға бірлесе қол жеткізу. Нәтижесінде білім ұйымдары басшылары жаңа мазмұндағы шаралардың жиі ұйымдастырылуы туралы ой-пікірлерін айтып,  ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар