Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 года ago

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ

маманы-заңгері лауазымына конкурс жариялайды

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі заңгерлік білім, заңгер лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

Қазақстан Республикасының ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері мен әдістемелік материалдарын, ұйымның бейінін, мамандануын және құрылымының ерекшеліктерін, азаматтық, кәсіпкерлік, коммерциялық, әкімшілік, қаржы, салық және заңнаманың өзге де салаларын, төрелік іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығын, қылмыстық іс жүргізу құқық негіздерін, құқықтық құжаттар бойынша іс жүргізу стандарттарын, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сот органдарының құрылымын, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібін, әкімшіліктендіру негіздерін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білу керек.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 15.03.2023 ж. дейін Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2023 жылғы 16 наурыздада, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job