Архив
Қостанай облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: көлік құралын басқаруға арналған көлік жүргізуші куәлігінің D тиісті санатының болуы, жолаушыларға арналған орындар саны сегізден асатын, жолаушыларға арналған орындарсаны сегізден кем емес көлік құралын кемінде үш жыл басқару өтілі бар.   

Білуге тиіс: жол қозғалысы және автомобильдерді техникалық пайдалану қағидаларын; қызмет көрсетілетін автомобильдер агрегаттарының, тетіктері мен аспаптарының мақсатын, құрылысын, жұмыс істеу қағидатын және жұмысын; автомобильді пайдалану процесінде туындаған ақаулықтардың себептерін, оларды анықтау және жою тәсілдерін; техникалық қызмет көрсету жүргізу тәртібін, автомобильдерді гараждарда және ашық тұрақтарда сақтау қағидаларын, аккумуляторлық батареялар мен автомобиль шиналарын пайдалану ережелерін, жаңа автомобильдерді және күрделі жөндеуден кейін жүргізіп сыннан өткізу ережелерін, автомобиль жүргізу қауіпсіздігіне ауа-райының әсерін, жол-көлік оқиғаларының алдын алу тәсілдерін, жол-көлік оқиғалары кезінде жолаушыларды шұғыл эвакуациялау тәртібін, қызмет көрсетілетін автомобиль жұмысын есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды толтыру ережесін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігінің талаптарын білу керек.

Негізгі міндеттері:

1) еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;

2) атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде тікелей басшысының тапсырмаларын орындау;

3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;

4) жүргізушіге бекітілген Қоғамның қызметтік көлігінің техникалық жарамды жай-күйін қамтамасыз ету, оның сақталуы бойынша шаралар қабылдау;

5) Қоғамның қызметтік көлігін жол қозғалысының белгіленген ережелеріне сәйкес жүргізу және жолаушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын, сондай-ақ қызметтік көліктің өзінің техникалық жарамды жай-күйін барынша қамтамасыз ету; 

6) Қоғамның қызметтік көлігінің техникалық жай-күйін қадағалау, нормаларға сәйкес оны қауіпсіз пайдалану бойынша қажетті жұмыстарды дербес орындау;

7) техникалық қызмет көрсету мен техникалық байқаудан уақтылы өту;

8) Қоғамның қызметтік көлігінің қозғалтқышын, шанағы мен салонын таза ұстау;

9) белгіленген тәртіппен медициналық бақылаудан өту;

10)  жұмыс алдында немесе жұмыс барысында адам ағзасының зейінін, реакциясын және жұмысқа қабілеттілігін төмендететін алкоголь, психотроптық, ұйықтататын дәрілерді және басқа да дәрілерді қолданбау;

11)  Қоғамның қызметтік көлігінің қозғалысын басқару, Қоғамның қызметтік көлігіне отын-жағармай материалдарын уақытында құю;

12)  жол парақтарын ресімдеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимін сақтау;

13)  Қоғамның қызметтік көлігінің жұмыс барысында туындаған ақауларын жою;

14)  әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасының басқа жүргізушілері уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) олардың міндеттерін орындау;  

15)  іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде тікелей басшыға тапсырылуын қамтамасыз ету;

16)  Басқарманың басқа жүргізушісі уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) олардың міндеттерін орындау; 

17)  жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 29.03.2023ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86 мекен-жайы бойынша немесе e-mail: ipk_kostanay@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7142) 54-30-08, 54-18-83 (факс).

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2023 жылғы 30 наурыз, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job