Ағымдағы жылдың 24 наурыз күні Институт оқытушылары Назира Абдикеримова мен Аманкуль Есмырзаева Меркі ауданындағы Асанбай Асқаров атындағы мектеп- гимназиясының педагогтеріне оқу-әдістемелік процесті жетілдіру және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерге PISA тапсырмаларын кіріктірудің тәсілдері» тақырыбында onlіnе семинар өткізді. Семинар барысында қатысушылар PISA-халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын жаратылыстану бағытындағы пәндердің тапсырмаларына кіріктірудің тәсілдері мен жолдарын талқылады. Оқу, математикалық, жаратылыстану сауаттылықтарын дамытуға арналған тапсырмалардың үлгісімен, бағалау шәкілдерімен таныстырды.

- 24 Мар
- 2023