Тәлімгерлік мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

«Кәсіби көмек: білім беруде тәлімгерлікті қалай ұйымдастыруға болады?» тақырыбымен Оралдағы «Өрлеу» институтында 24 наурыз күні дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға институт директоры Софья Измуханбетова, институт директорының орынбасары Күміс Байкатова, Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Айдарбек Айтбукешев, БҚО Білім беру орталығының директоры Гүлмира Кубашева, “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ” филиалының тренері Гүлмира Капанова және жалпы білім беретін мектептердің педагог-тәлімгерлері қатысты.

 Басқосуда Күміс Байкатова «Педагог-тәлімгерлердің кәсіби қиындықтары мен қажеттіліктерін анықтау бойынша сауалнама нәтижелері» туралы айта келіп, сауалнама барысында анықталған әдістемелік түсіндіруді талап ететін проблемалық тақырыптарға тоқталып, талдау жүргізді.

Сондай-ақ қатысушылар мектептегі тәлімгерліктің өзекті мәселелері, мәселелерді шешу жолдары, тәлімгерлік қызметінің тиімді жұмыс істеуінің  негізгі шарттары мен тәсілдері, жас мұғалімдерді әдістемелік қолдау жүйесін ұйымдастыру сынды тақырыптарды қозғап, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар