«Инклюзивті білім беру жағдайындағы психологиялық-педагогикалық қолдаудағы ерекшеліктер» тақырыбында семинар-тренинг

«Өрлеу» БАҰО АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушыс Зульфия Турсынбаева 2023 жылдың 24 наурыз күні Шымкент қаласы, М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында қалалық «Инклюзивті білім беру жағдайындағы психологиялық-педагогикалық қолдаудағы ерекшеліктер» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырып өткізді. Семинар-тренинг мақсаты: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудағы педагогтердің құзыреттілігін арттыру. Талқыланған мәселелер:ЕББҚБ психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысының бағыттары; арнайы педагогтар және пән мұғалімдерінің бірлескен әрекеттері;Білім беру жүйесіндегі қолданылатын тиімді жұмыс түрлері. Семинар-тренингке жалпы білім беретін мектептердің психолог, дефектолог, логопед мамандары қатысы.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар