Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті

31 наурызда «Үздіксіз білім беру тұлға мен қоғамның тұрақты дамуының шарты ретінде» тақырыбында республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.

Білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерінде бағдарламалар мен жобаларды табысты іске асыру тәжірибесімен алмасу конференцияның нақты мақсаты болды.

№ 59 мектеп-лицейде өткен жиында Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығының” басшысы – Дауешова С.М. құттықтау сөзімен конференцияны бастап берді. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор – Абиль Е.А.  «Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту перспективалары» тақырыбына баяндама оқыды. «Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты жаратылыстану және гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі – Хабат М. білім берудегі заманауи тәсілдер: Lesson study, Action reserch зерттеу сабағының мазмұнына толыққанды тоқталып, сұрақтарға жауап берді.

Қатысушылар секциялық отырыс кезеніңде білім беру ұйымдарының  басшылары «Білім беру ұйымын басқару: жаңа үрдістер және заманауи технологиялар», математика мәні мұғалімдері «Қазіргі математика ғылымдарының өзекті мәселелері», физика пәні мұғалімдері «Педагогикалық шеберлікті жетілдіруде физика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру», география пәні мұғалімдері «География сабақтарында сыни ойлауды дамыту технологиялары», қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы инновациялық технологиялар» тақырыптарын талдап,  өзекті мәселердің шешу жолдарын қарастырып, тәжірибелерімен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар