Облыстық форум өтті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы жедел жоспарына сәйкес 2023 жылы наурыз айының 31 жұлдызында институт базасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында “Шеберлік мектебі” тақырыбында облыстық форум өткізілді. Форумның мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық әдістерді қолдануы мен шеберлігі жетілген ұстаздарды анықтау және тәжірибе алмасу. Форумға Шымкент қаласы және Түркістан облысына қарасты аудан мектептерінен 90 мұғалім қатысты. Форумды институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұхтар Ақтаев ашып, қатысушыларды құттықтап форум жұмысына сәттілік тіледі. Педагогтер курс барысында алған білімдерін тәжірибеде қалай қолданып, өз біліктіліктерін одан әрі қалай дамытып жатқан тәжірибелерінен пәнге қатысты түрлі тақырыптарда баяндамалар жасады. Атап айтсақ, бағдарлама талаптарына сай сапалы жазылым жұмыстарын жаздырып үйрету, мәтінмен жұмыс: мәтінмен жұмыс жасау арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары, әдеби талдау жүргізу үлгілері, тыңдалым/айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырмалар құрастыру, гугл қосымшалар арқылы сабақтың сапасын арттыру жолдары, оқыту мен оқу үдерісін бақылаудың тиімді үлгілері т.б тақырыптарындағы жетістіктерімен бөлісті. Қорытындыда, форум қатысушылары бұл шараның өз тәжірибелері туралы ойларын жинақтауға ықпал еткенін келесі жылы жалғасын табатын болса өз тәжірибелерімен бөлісуге әрекет етуге ниет еткендерін білдіре отырып, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Үздік баяндама иелері институттың мақтау грамоталарымен марапатталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар