2023 жылдың 30 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ, Түркістан өкілдігі аға оқытушылары, ф.ғ.к. Молдир Шойманова мен Айгерим Танирбергенова Түркістан қаласы, №19 жалпы орта мектеп базасында «Lesson Study – білім сапасын арттыру құралы ретінде» тақырыбында әдістемелік көмек берді. Әдістемелік көмектің мақсаты: педагог мамандардың кәсіби деңгейін, олардың теориялық білімі мен әдістемелік біліктілігін жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету. Жұмыс барысында қысқа мерзімді жоспарды құрудың жолдарын, қолданатын әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, оларды сабаққа енгізуге бағыт бағдар берілді. Сонымен қатар Lesson Study-зерттеу сабағын жүргізудің ерекшеліктері, мақсаттары, күтілетін нәтижелеріне тоқталып өтті. Әдістемелік көмек соңында мектеп мұғалімдері көптеген сауалдарына жауап алды.
