Институт тренерлері байқауға қазылар алқасы мүшелері ретінде қатысты

Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушылары Рысқұлбекова Құралай және Ыбышева Алмагүл Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткізілген қалалық «Мәшhүр-Жүсіп оқулары» байқауының қазылар алқасының мүшелері ретінде қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты: философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады.

Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 8 – 11-сынып оқушылары қаланың әр ауданынан іріктеліп қатысты.

Қорытындысында байқауға қатысқан оқушылар «Мәшhүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында ғұламаның фольклорлық жазбаларындағы ұлттың ұлы тұлғаларын сипаттап, жобаларын қорғады және белгіленген талаптар тұрғысынан бағаланып, жеңімпаздар анықталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар