Білім беру ұйымдарында кибербуллингті алдын алу

2023 жылдың 30 наурызында «Қадір-Қасиет» қоғамдық бірлестігі HumanRightsFocus телеконференциясын – баланың мектепте жәбірлеуден қорғалу құқығы және әйелдің мемлекеттік істерге қатысуы құқығы бойынша Білім алмасу алаңы қатысушыларының IV кездесуін өткізді.

Іс-шара USAID агенттігінің қолдауымен іске асырылып жатқан «Адам құқықтарына назар аудару: әйелдер мен балалар» жобасы аясында ұйымдастырылды. Конференция барысында әйелдер мен балалар құқықтарының әртүрлі аспектілеріне көп көңіл бөлінді.

Іс-шараға Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушы Сахова Ақжарқын «Білім беру ұйымдарында кибербуллингтің алдын алуды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында баяндама жасады. Сұрақ-жауап, талқылау жұмыстарына қатысып, өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар