2023 жылдың 30-31 наурызы аралығында Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы Көмекова Сандуғаш «XX ғасыр ұлттық сана және білім беру: замануи педагогтің көзқарасы» атты V қалалық педагогикалық оқулары байқауында бастауыш білім беру бойынша сарапшылар кеңесінің төрағасы ретінде қатысып, әділ бағалауын жасады.
Байқаудың мақсаты – үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату, озық, педагогикалық және инновациялық тәжірибелерді зерделеу, анықтау және пікір алмасу алаңын құру болып табылды.





