Архив
Атырау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасының кадрлық мәселелер жөніндегі бас маманы лауазымына конкурс жариялайды;   

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының персоналды басқару жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілері мен әдістемелік материалдарын, ұйымның құрылымы мен штаттарын, оның бейінін, мамандануын және даму перспективаларын, кадрларға перспективалық және ағымдағы қажеттілікті айқындау тәртібін, кадрларды оқыту мен біліктілігін арттыру нысандары мен әдістерін; ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, кәсіптер мен лауазымдарды іздеу технологиясын; еңбек шарттарын (келісімшарттарды) әзірлеу тәртібін, жеке мәліметтер қорын құру әдістерін, тестілеуді, сұхбаттасуды өткізу әдістемелерін, кадрлардың кәсіби-біліктілік құрылымын талдау әдістерін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, кадрлық іс жүргізуді ұйымдастыру негіздерін, заманауи коммуникация және байланыс техникалық құралдарын, есептеу техникасын қолдана отырып ақпаратты өңдеу әдістерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 13.04.2023ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24 мекен-жайы бойынша немесе e-mail: a_ipk@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7122) 58-63-45, 87014121739 басқарма бастығы.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2023 жылғы 14 сәуірінде сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы,  Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24, 2 қабат, 203-кабинетКандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады

Apply For This Job