Павлодар қаласының №18 мектеп базасында «Инклюзивті білім беру кеңістігінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жағдай қамтамасыз ету. Инклюзивті білім беруді іске асырудың жаңа тәсілдері» атқырыбныда семинар-практикум өтті. Оған Өрлеу-Павлодар оқытушысы А. Идилуп, Павлодар қаласы білім бөлімінің, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес өкілдері мен облыс мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары қатысты.
Семинар-практикумның пленарлық отырысында оқу-әдістемелік мазмұнның негізгі бағыттары және инклюзивті оқыту саласындағы нақты жетістіктер қаралып, талқыланды, мектептерде білім беру бағдарламаларын іске асыру үдерісіндегі өзекті мәселелер айтылды.
Іс-шараның екінші бөлімі практикалық жұмысты қамтыды, онда қатысушылар сабақтарға қатысуға, инклюзивті оқыту практикасын ұйымдастырудың өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі көруге және талқылауға мүмкіндік алды.

- 06 Апр
- 2023