Ү.ж. 10 сәуірінен бастап Тараз қаласы және Байзақ ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 60 мұғалімі базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту курсына қатысып жатыр. Курсқа қатысқан ұстаздар 5-9 және 10-11 сыныптардағы күрделі тақырыптардың теориясы мен оны оқыту әдістемесінің аясында білімдерін кеңейтіп, тәжірибесін жетілдіретін болады. Пән мұғалімдері тіл білімі мен тілдік дағдыларды дамыту, әдебиет теориясы мен көркем шығармаларды оқыту әдістемесі бойынша құзыреттіліктерін шынайы тәжірибе арқылы таратуға мүмкіндік алады.

- 12 Апр
- 2023