Біліктілікті арттыру курстары өткізілуде

Жамбыл облысының педагогтері үшін пәндік құзыреттілікті дамыту бойынша ағымдағы жылдың 10 сәуірінен біліктілікті арттыру курстары басталды. Педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттырудың маңызды құралы курс тыңдаушыларының оқу сабақтарына қатысу болып табылады. Жамбыл-«Өрлеу» филиалының директоры С.Құрманбекова, қызметкерлер Ш.Тайғанбекова, Н.Цой Тараз қаласының №5,9,23,35,38 білім беру ұйымдарының базасында өтіп жатқан білім беру бағдарламаларының орындалуын бақылау, сабақ өткізу сапасын тексеру, педагогтардің қызметін және кәсіби дамуын бағалау мақсатында біліктілікті арттыру курстарына қатысты және тыңдаушылармен өзара іс-қимылда курстардың өнімділігі мен қанағаттанушылығын айқындау үшін пікірлесті. Барлық педагогтерге білім беру бағдарламаларын табысты игеруде сәттілік тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар