2023 жылдың 7 сәуірінде №188 мектеп-гимназиясында Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы, тренер Абайдуллаева Айгуль курстан кейін қолдау мақсатында педагог-басшыларымен кездесті.
Мектептің педагог-басшылары Институт базасында өткен біліктілікті арттыру курстарында мол тәжірибе алмасып, қажетті ақпарат алғандарын, оны сабақтарында тиімді қолданып жатқандары туралы пікірлерін айтып, өз ризашылықтарын білдірді.



