Біліктілікті арттыру курстары ашылып, оқыту жұмыстары басталды

«Өрлеу» – Астана  қаласының педагогтері үшін пәндік құзыреттілікті дамыту бойынша 17 сәуірде  бірнеше тақырыпты қамтыған біліктілікті арттыру курстары ашылып, оқыту жұмыстары басталды.

Курстардың тақырыптық бағыттары:

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының 5-6 сыныптарының музыка пәні мұғалімдеріне арналған «Музыка пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту».

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдеріне арналған «7-9 сыныптарда география мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту».

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдеріне арналған «10-11 сыныптар математика курсының күрделі тақырыптарын оқытуда математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту».

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту».

Орта білім беру ұйымдарының қазақ тілінде оқытатын мұғалімдері үшін «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту (5-9 сынып)».

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, тәрбиешілері үшін «Мектепке дейінгі ұйым педагогының ойын құзыреттілігін дамыту».

Курстар барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, оқушылардың даму деңгейлері мен ерекшеліктерін ескере отырып оларды бағалаудың технологиясы бойынша өзінің кәсіби қызметін жобалау жолдары, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану дағдылары қарастырылуда.

Өрлеудің курстары педагогтерге  негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға, оқытудың инновациялық әдістерін меңгеруге таптырмас мүмкіндік!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар