«Өрлеумен бірге оқимыз!» жобасы қала мектептерінде

19 сәуір күні «Өрлеумен бірге оқимыз!» жобасы аясында М.Ықсанов атындағы №36 мектеп кітапханасында  белгілі ақын Ақберен Елгезектің қаламынан туған «Болмаған балалық шақ» кітабы бойынша оқырман конференциясы өтті. Аталмыш кітапты оқуға ұсынған «Өрлеу»-Орал кітапханасы кітап сүйер өреннің талғамы мен жас ерекшелігіне сай келетін көркем туындыны таңдауда балалар әдебиетіне ұзақ шолу жасады. 

       Қазақ әдебиетіне үлкен жаңалық болып келген «Болмаған балалық шақ» повесі 21 ғасырдың үздік прозалары қатарына енген туынды.  

        Өз өмірін бүкпесіз ашып, балалық шағында бастан кешкен тағдырын еш бояусыз ақ қағазға түсірген автор көпшіліктің таңданысын туғызды.

Осы шығармасымен өзімен тағдырлас өрендерге өз тағдырының қожайыны болар сәулелі, шуақты күндер туатынын жеткізуді мақсат тұтқан жазушы шығармасы қазақ балалар әдебиетінде ойып орын алды. Оқуға құштар мектеп оқушылары кезекті туындыны асқан белсенділікпен оқып, өзара пікір алмастырып, өз сыныптастарына әсерлі баяндады.

 Шара соңында сөз алған директордың орынбасары Л.Н. Салимова аталмыш шараның оқушыларға кітап оқытуды насихаттауда таптырмас бастама болғанын, кітап оқуға деген қызығушылықтың артуына өз үлесін қосатынын баяндады. Қорытындысында «Өрлеу»- Орал кітапханасының тың бастамасы болған «Өрлеумен бірге оқимыз!» жобасын қала мектептеріне челлендж форматында жолдауға ұсыныс  айтылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар