Мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтуде

17 сәуірден бастап Өрлеу – Астана қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйым педагогының ойын құзыреттілігін дамыту» атты біліктілікті арттыру курсын өткізуде.
Курс барысында тренер мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамытып, ойын формалары мен әдістерін ұсынуда. Сондай-ақ жаңа талаптарды қамтыған тақырыптармен танысып, ойынды түсінудің әртүрлі тәсілдерін зерттеп, мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үдерісінде әртүрлі ойын түрлерін талдап және қолдану дағдыларын меңгеруде. Ойындар мен ойын сюжеттерін модельдеу тәжірибесін курс тренері жаңа бағдарламалар арқылы қатысушыларға мультфильм жасау әдістері мен ойын формалары арқылы педагогтердің ойын құзыреттілігін дамытуда.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар