СҚО-«Өрлеу» және Ғ. Мүсірепов атыңдағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған курс тыңдаушылары үшін «BookDating» форматында интерактивті үзіліс өткізілді.
Кітапхана қызметкерлері Д.С. Қаратаева мен Д. И. Ахметжанова ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа әдебиеттерге шолу жасап, мерейтойлық күнге арналған конкурстар мен іс-шаралар туралы әңгімеледі. Кездесуге қатысушылар біздің атақты жерлесіміздің маңыздылығы мен әлемдік танылуын атап өтті.
Тыңдаушылардың орындауындағы “Қазақ Пушкинінің” шығармаларынан үзінділер екі тілде айтылды. Кездесудің жарқын қорытындысы М. Жұмабаевтың “Сен сұлудың” сөзіне халық сүйетін әннің бірлесіп орындалуы болды.