«Өрлеу» Астана қаласының педагогтері үшін пәндік құзыреттілікті дамыту бойынша 21 сәуірде бірнеше тақырыпты қамтыған біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды. Атап айтсақ:
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдері: «5-9 сыныптардағы информатика пәнінің күрделі тақырыптары бойынша пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында. Курс тренері – Сагындыкова Айдана Мауленовна.
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған: «5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттіліктерін жетілдіру». Курс тренері – Айтжанова Жанбота Рахимжановна.
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған «Жаһандық құзыреттіліктер». Курс тренері – Абдикалова Толқынай Алиакбаровна.
Курс соныңда филиал директорының м.а. Есжанова Г.М. педагогтерді құттықтай отыра біліктілікті арттыру курсын аяқтағанын растайтын сертификатты табыстап қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.

- 21 Апр
- 2023