Біліктілікті арттыру курстары басты назарда

«Өрлеу» – Астана 24 сәуірде бірнеше тақырыпты қамтыған біліктілікті арттыру курстарын ашып, оқыту жұмыстарын бастады.

Курстардың тақырыптық бағыттары

Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған: «Жаһандық құзыреттіліктер»;

Информатика пәні мұғалімдері: «10-11 сыныптар курсының күрделі тақырыптарын меңгеруде информатика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту»;

География пәні мұғалімдері: «7-9 сыныптарда география пәні бойынша педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту»;

Бастауыш сынып мұғалімдері: «Бастауыш сынып (1-4) мұғалімдерінің «Математика», «Қазақ тілі», және «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту»;

Ағылшын тілі мұғалімдеріне: «10-11 сыныптарда күрделі тақырыптарды меңгеруде ағылшын тілі мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту».

Курс барысында тыңдаушыларымыз орта мектепте күрделі тақырыптарды оқытуға, пән мазмұнын тереңдетуге бағытталған оқу бағдарламаларын меңгеретін болады.

Қатысушыларға жаңа білім беру бағдарламаларын табысты меңгеруіне сәттілік тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар