19 сәуірде «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының 2023 жылдың жоспарына сай Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетімен бірлесіп «Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында тәжірибеге бағытталған семинар өтті. Мақсаты: бітіруші студенттердің педагогикалық шеберлігін қалыптастыру, сабақ жоспарлауда инновацияларды енгізу арқылы кәсіби құзыреттілігін дамыту. Семинарды ОҚМПУ ректоры Сугирбаева Гульжан Даулетбековна ашып, семинардың басты мақсаты мен тиімділігін атап өтті. «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының филиал директоры Лаура Искакова өз кезегінде институттың атқарған жұмыстары мен жетістіктерін таныстырды. Сонымен қатар, 3-4 курс студенттерінің көкейінде жүрген өзекті сұрақтарына жауап берді. Филиалдың аға оқытушылары Гульмира Қуанышбек , Алия Естемирова «Оқу мақсатына жетудің тиімді жолдары», Жанат Раймкулова, «Тиімді оқыту тәсілдері арқылы білім алушының оқуға ынтасын арттыру», Айгуль Айдосова , Айгерим Танирбергенова «Оқыту үдерсінде белсенді әдістерді қолдану» тақырыбындағы шебер-сыныптарда болашақ педагогтарға тиімді оқытудың негізгі ұстанымы туралы әдістемелік ақпараттар ұсынылды. Іс-шара барысында филиал аға оқытушыларымен бірге №9 ІТ лицейінің және «Cambridge Line» мектебінің пән мұғалімдері педагогтердің білімін бағалауға арналған тапсырмаларды талдауға негізделген баяндамалары назарға ұсынылды Қортындысында, ОҚМПУ жаратылыстану факультетінің оқытушылары мен студенттері «Өрлеу» қызметкерлеріне ынтымақтастықта жасаған нәтижелі жұмысына алғыс білдіре отырып, ой бөлісті, іс-тәжірибелері мен ұсыныстарын ортаға салды.

- 19 Апр
- 2023