«Өрлеу»БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы бос лауазымдық орынға орналасуға конкурс жариялайды
Архив
Батыс Қазақстан облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago
- Әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасының іс жүргізу жөніндегі бас маманы
Үміткерлерге қойылатын талаптар: жоғары білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салада бір жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші тұлға төмендегідей құжаттарды ұсынады:
- Өтініш;
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ;
- Фотосурет- 1 (формат 3х4);
- Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
- Қажетті кәсіби білімін, жұмыс өтілін және біліктілігін растайтын құжаттар(жоғары білімі туралы, біліктілікті арттырғандығы туралы, ғылыми дәреженің берілгендігі туралы құжаттардың көшірмелері, жергілікті жері бойынша кадр қызметтерінде немесе нотариуста куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмелері. Ескертпе: Құжаттардың көшірмелерін үміткер жеке тапсырған жағдайда көшірмелерді растау талап етілмейді;
- Медициналық анықтама 075У;
- Азаматтың наркологиялық және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрмайтындығы жөніндегі медициналық анықтама;
- Электрондық портал арқылы соттылығының болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
- Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәлімет;
Конкурсқа келген бойда жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары тапсырылады.
Көрсетілген құжаттарының біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар берілген құжаттар тізбесіне сәйкес, құжат тігілетін папкаға салынған күйінде хабарландыру берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс:
Орал қаласы, Абай даңғылы 238/2, 203 кабинет
Анықтама үшін телефондар: 25-15-55, 25-15-72
Электрондық пошта: zkoipk@mail.ru, zkoipk@orleu-edu.kz