«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту» форумына қатысты

2023 жылғы 31 наурызда «Өрлеу» БАҰО» АҚ өкілдері «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту» форумының жұмысына онлайн режимде қатысты.

Форумды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Kazakhstan Bar Association Заңи кеңесшілер палатасымен, Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен, Комплаенс және іскерлік әдеп қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Форум барысында іскерлік парасаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің тәжірибелік мәселелері, сондай-ақ академиялық ортаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша оқытуды енгізу туралы сұрақтар талқыланды.

Өз кезегінде, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік негізгі бағытын іске асыру шеңберінде өз қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу бойынша жұмысты белсенді жүргізіп келеді.

Біздің ұйымымыз сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады және баршаңызды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға шақырады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар