Оқу-ағарту  министрлігінің Заң департаменті Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне арналған №4 үлгілік негізгі бағыт («Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту») жөнінде семинар өткізді

2023 жылғы 18 сәуірде ZOOM режимінде Оқу-ағарту  министрлігінің Заң департаменті Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне арналған №4 үлгілік негізгі бағыт («Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту») жөнінде семинар өткізді.

Семинар жұмысына Заң департаментінің директоры Г.Б.Мұхамеджанова, Заң департаментінің бас сарапшысы, Министрліктегі №4 ҮНБ жөніндегі үйлестіруші Г.К.Қайырбаева қатысты.

Спикер ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында презентация ұсынды, қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын түсіндірді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті одан әрі қалыптастыру бойынша шаралар жайында баяндады.

Заң департаментімен осындай форматта кездесулер дәстүрге айналды, Оқу-ағарту министрлігі тарапынан №4 үлгілік негізгі бағытты іске асыру шеңберінде жұмыстар белсенді жүргізіліп келеді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар