Oблыстық форум «Биология және химия сабақтарында оқушының ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы

28.04.2023 жылы Түркістан облысы Төлеби ауданы Қ.Мамытов атындағы жалпы орта мектебі КММ-сінің базасында жалпы білім беретін орта мектептің биология, химия пәні мұғалімдері қатысқан «Биология және химия сабақтарында оқушының ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы облыстық форум өтті. Форум барысында оқушының ғылыми-сауаттылығын дамытуға бағытталған жұмыстар мен PISA тапсырмаларын қамтыған сабақтар берілді. Сабақ барысында педагогтер оқушылардың логикалық ойлауы мен шығармашылық белсенділігін арттырудың тәсілдерін, оқу жетістіктерін бағалаудың озық үлгілерін ұсынды. Ашық сабақтардан соң форумге келген педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту мақсаты көзделген шебер-сыныптарға қатысты. Сонымен бірге облыс көлемінде мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату мақсатында педагогтер авторлық бағдарлама мен электронды оқу құралын жасау әдістемесімен бөлісті. Демек форум оқушының функциональды сауаттылығын қалыптастыру бойынша тәжірибелерімен алмасудың және педагогтерді курстан кейінгі қолдаудың табысты ортасы болды деп айтуға болады. «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ филиалы аға оқытушысы Ж.Раймкулова

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар