Lesson study оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік. Осы орайда сабақты зерттеу бойынша оқыту мен оқытуда практикалық білім алмасу мақсатында аға оқытушы Болат Бухарбаевтың жетекшілігімен «Lesson study зерттеу сабақтары – даму мен ілгерілеудің формуласы» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.Семинар спикерлері, КАЗГЮУ мектеп-гимназиясы және колледжі ұстаздары Алтыншаш Байбатырова және Зауреш Сугурбаева – сабақты оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастырудың жолдарын атап өтті.Семинардың нәтижесі қатысушылар, оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсінді.






