Жетістікке жетудің жолдары: тиімді педагогикалық тәжірибені қалай жинақтаймыз?
Тиімді педагогикалық тәжірибені таратудың өзектілігі – педагогтің өз тәжірибесіндегі ұтымды тұстары мен оқытудың жаңашылдығын, жеке тұлғаның табысты оқуын реттейтін қадамдарды алға тарту. Ол үшін тәжірибені жалпылау алдында мұғалім өз тәжірибесіндегі мәселелерді анықтау, талдау, мәселелерді шешу жолдарын іздеу мен жүйелі түрде ұсынуды қажет етеді.
Білім беру ұйымдарындағы педагогтердің тиімді тәжірибесін жалпылау мен тарату қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді бірі болып отыр. Осыған орай Д.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің жұмыс тәжірибесін тарату, қала мектебі мен ауылдық мектептер арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Тиімді тәжірибе – жетістікке апарар жол» облыстық семинары ұйымтастырылды.
Аталған семинарға институт тарапынан кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Айгүл Каплиева қатысып, педагог тәжірибесін жалпылауда оқыту мен тәрбиелеу аясын, оқыту шеберлігіндегі педагогикалық жаңалықты, кәсіби өсу қадамдарын түсіндіріп берді.
Педагогикалық тәжірибені жалпылауды облыс педагогтері – кәсіби құзыреттіліктерін дәлелдей отырып, әдістемелік қызметтерін сараптау, оқыту үдерісіндегі оқытудың ұтымды жолдарын көрсете алуға негізделген семинарлар арқылы өрбітуде.







