Бүгінгі таңда білім беру жүйесі негізгі үш бағыт – білім беру үдерісін, білім беру контентін, білім саласын басқаруды цифрландыру бойынша жүргізілуде. Елімізде мектептегі білім беру жүйесі цифрландырылып, барлық пәндер бұлтты технологияға біртіндеп көшірілуде. Сабақта мұндай порталдарды қолдану мұғалімнің жұмысын жеңілдетумен қатар, оқушының сабаққа қызығушылығын, өз бетімен іздену дағдыларын қалыптастырады.
2023жылдың 12-сәуір күні «Білім беру үрдісін цифрландыру жағдайында педагогтың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.
Семинар барысында информатика пәні мұғалімдері білім сапасын көтеруде цифрлық білім беру құралдарын қолдану тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында онлайн платформасы арқылы кері байланыс алынды, мұғалімдер семинардың өздері үшін пайдалы болғанын айтты. Семинар қатысушыларына шығармашылық табыс тілейміз. Болашақта бірлесе жұмыс жасаймыз деген сенімдеміз.








