Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеттерін талдау

12 сәуір күні №17 “Шұғыла” бөбекжай- балабақшасында “Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеттерін талдау” тақырыбында Күлайм Рахатованың жетекшілігімен облыстық семинар өткізілді.Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі балалардың ойын әрекеттерін мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзіреттілік деңгейін арттыру мақсатында Семинарды балабақша меңгерушісі Д.Н.Жетилгенова, К.Ж.Рахатова, Г.К.Ахметова- балабақша әдіскері ашты. Семинарда, балабақша тәрбиешілері мен мамандары балабақшадағы балалардың бір күні қалай өтетінін ҰІӘ барысында тәжірибелерімен бөлісіп дәстүрден тыс ерекше әдістерді көрсете білді.Семинарға тәрбиешілер, курс тыңдаушылары қатысты.Семинар барысында дене шынықтыру жетекшісі Икласова Р.С “Көктемгі орманға саяхат”, ортаңғы топ тәрбиешісі -Курманова Г.Т “Теңізге саяхат”(мөлдір мольбертке шығармашылық арқылы сурет салу), сөйлеуді дамыту бойынша ересек топ тәрбиешісі-Бекетова Г.Б “Ғарыш әлеміне саяхат”, музыка жетекшісі-Кенжеболатова А.О “Күн тәртібі бойынша интеграциялық шығармашылық іс -әрекет сондай-ақ ойын қызметін ұйымдастыру туралы тәжірибелерімен бөлісті.📚 Семинар соңында іс-шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға мазмұнды семинар үшін алғыстарын білдірді, бірқатар ұсыныстар қабылданды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар