13 сәуірде KAZGUU School базасында “Өрлеу “біліктілікті арттыру ұлттық орталығы”АҚ Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы КАЗГЮУ мектеп-гимназиясының шығармашылық педагогтарымен бірлесіп “Сабақты ынтымақтастық арқылы тиімді жоспарлау (Action Research|/lesson study педагогтерінің зерттеу қызметі негізінде)”тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды.
KAZGUU School мұғалімдері қала және облыс мұғалімдерімен постер-сессия форматында зерттеу тәжірибесін енгізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Негізгі мақсаты: сабақты зерттеу – өзгеру үшін элементтерді анықтаудың қолданыстағы тәжірибесін талдау арқылы педагогикалық практиканың дамуын қамтамасыз ету. Бұл тәсілдерді педагог-практиканың құрылымдық рефлексиясы ретінде қарастыруға болады. Семинардың барлық қатысушыларына, ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз, осы бағыттағы жұмыс жалғасады.




