Биыл бірінші рет мемлекеттік тапсырыс бойынша интернаттық ұйым педагогтеріне арналған «Интернаттық ұйымдарда тәрбие жұмысын жоспарлау және іске асыру бойынша педагогтердің психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамыту» тақырыбындағы біліктілік арттыру курстары бастау алды.
Курс бағдарламасы – интернаттық ұйымдар тәрбиешілерінің жұмысты жоспарлау және білім алушылардың рухани-адамгершілік, зияткерлік, физикалық дамуы және оң әлеуметтенуі міндеттерін іске асыру бойынша педагогикалық құзыреттіліктерін жетілдіруге бағытталған.
Тыңдаушылар курстан алған теориялық білімдерін білім ұйымдары базасында көшпелі тәжірибелік сабақтар шеңберінде іске асыруда. Бірлескен қызмет тыңдаушылардың кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Атап айтсақ, бүгін облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатына, «KEMEL BILIM» мектеп-интернатына және «Білім – инновация» лицей – интернатына барып, педагогикалық шеберлігін, құзыреттілігін жетілдіру мақсатындағы сабақта курс тыңдаушылары теорияны практикамен ұштастырып, өзара тәжірибе алмасты.
Облыстық білім басқармасымен “Ақтөбе – Өрлеу” арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумын жүзеге асыру – бүгінгі интернат ұйым педагогтері үшін ұйымдастырылған көшпелі тәжірибелік сабақтарда өзінің нақты көрінісін тапты.
Әдістемелік көмек беру және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған көшпелі тәжірибелік сабақтың қорытынды бөлігінде тыңдаушылар ой-пікірлерімен бөлісіп, жоғары деңгейде өткізілген жұмысқа оң бағаларын берді.


























