Сабақты зерттеу -саралы білім негізі

Қандыағаш қаласы №1 орта мектебінде аға оқытушы Анаргүл Сугурбаеваның жетекшілігімен “Сабақты зерттеу -саралы білім негізі” тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды.

Семинар-практикум барысында курс тыңдаушылары теориялық ақпарат, зерттеу сабақтары бойынша практикалық аспект, сондай-ақ, әдістеме бойынша коучинг, шығармашылық бағыт бойынша драмалық қойылымдарды көріп, оқушылар өнерін тамашалады.

Семинар соңында қатысушыларға тиімді кері байланыс беріліп, ұсыныстары тыңдалды. Алдағы уақытта әдістемелік көмек көрсету жалғасын табады.

Тәжірибелік сабақтар жоғары деңгейде өтіп, пән мұғалімдерінің қызығушылығын тудырды. Курс тыңдаушыларының тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасаған Қандыағаш қаласы №1 орта мектебі ұжымына алғысымызды білдіреміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар