Музыка пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

Әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Музыка мұғалімінің де өзіндік “ерекшелігі” бар. Бұл мамандықтың күрделілігі “мұғалім” ұғымы мен “музыкант” ұғымына кіретін элементтердің тығыз байланысының қажеттілігімен анықталады.

Бүгін «Ақтөбе-Өрлеуде» «Музыка пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы аясында «Cover Show» музыкалық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Курстың соңғы күнінде өнерсүйгіш педагогтер – түрлі бағытта ән шырқап, түрлі аспаптарда ойнап, өз өнерлерін ортаға салды. Осылайша, аталған іс-шарада ұлтымыздың дәстүрлі музыкасы насихатталды. Осындай көңіл-күй сыйлаған музыка пәні мұғалімдеріне және курс жетекшісі Галия Сеткерееваға алғысымызды білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар