5 мамырда Өрлеу – Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастырумен “Бастауыш сынып (1-4 сыныптар) мұғалімдерінің “Математика”, “Қазақ тілі” және “Әдебиеттік оқу” пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту” тақырыбында Г.А.Оразбекованың жетекшілігімен өткен біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Курс барысында тыңдаушылар бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тақырыптық жоспарға сәйкес «Бастауыш мектепке арналған типтік оқу бағдарламаларына шолу» және бастауыш сынып оқушыларының үлгілік пәндік қиындықтарын және бастауыш мектептегі курстың күрделі тақырыптары бойынша төмен нәтижелердің себептерін анықтап, талдау жасады.
Сондай-ақ мұғалім тәжірибесіндегі білімді жетілдіруге бағытталған сабақтағы іс-әрекеттерді зерттеудің ерекше формасын сипаттайтын педагогикалық тәсілдер бойынша шолу жасады.
