5 мамырда Астана қаласы «Өрлеу» институтында мұғалімдерге арналған «Жаһандық құзыреттілік» атты біліктілік арттыру курсы сәтті аяқталды.
Курс барысында тыңдаушылар жаһандық құзыреттілік курсының бағдарлама құрылымымен танысып, жаһандық құзыреттілікті мақсатты түрде қалыптастыру құралдарын анықтап, халықаралық және отандық цифрлық платформаларды зерттеп және оларды сабақтарда ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланып, құзыреттіліктерін дамытты.
Курс соныңда филиал директорының м.а. Есжанова Г.М. педагогтерді құттықтай отыра біліктілікті арттыру курсын аяқтағанын растайтын сертификатты табыстап қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.