«Өрлеумен бірге оқимыз!» жобасы жалғасуда

    Ағымдағы жылдың 2 мамыр күні «Өрлеумен бірге оқимыз!» жобасы аясында «Өрлеу»-Орал Кәсіби даму институтының ұ  йымдастыруымен №41 мектеп-лицей кітапханасында  белгілі жазушы Ақберен Елгезектің қаламынан туған «Болмаған балалық шақ» кітабы бойынша кезекті оқырман конференциясы өтті.   Қазақ әдебиетіне үлкен жаңалық болып келген туынды 21 ғасырдың үздік прозалары қатарына енген. Шараға қатысқан оқушылар  кітапты жан-жақты талдап,  пікірлерімен бөлісіп,  ерекше қабілет зейіндерін көрсете білді.     Бұл конференция мектеп оқушыларына Ақберен Елгезектің көркем шығармасын  түсініп оқуға, оқыған кітабына өз бетімен талдау жасауға, идеясын ашуға, жарыссөзге шығып өз пікірін толық жеткізуге мүмкіндік берді.  

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар