2023 жылдың 24 сәуір күні Ақтөбе қаласы “Нұрзерек” бөбекжай- балабақшасында “Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеттерін талдау” тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың ойын әрекеттерін мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзіреттілік деңгейін арттыру.
Облыстық семинар жұмысына Ақтөбе кәсіби даму институтының аға оқытушысы Күлайым Рахатова жетекшілік етті. Семинарда, балабақша тәрбиешілері мен мамандары балабақшадағы балалардың бір күні қалай өтетінін ҰІӘ барысында тәжірибелерімен бөлісіп дәстүрден тыс ерекше әдістерді көрсете білді.Семинарға тәрбиешілер, курс тыңдаушылары қатысты.
Семинар барысында “Нұрзерек” бөбекжай- балабақшасының педагогтер: Абдрешова Ж.А., Жалғасбай Ж.Қ., Нургалиева Ж.Қ., Сағындық Г.Ж., Альбекова Н.Н., Нурписова А.Х., тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында іс-шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға мазмұнды семинар үшін алғыстарын білдірді, бірқатар ұсыныстар қабылданды.

