26 сәуір мен 11 мамыр аралығында еліміз бойынша білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (МОДО) өткізіледі. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті МОДО-ны өткізу үшін «бір аудитория – бір тәуелсіз сарапшы» принципіне сәйкес эксперттермен келісім-шарт жасады. Осы іс-шараға министрліктің, сапаны қамтамасыз ету комитетінің және аумақтық департаменттердің, «Өрлеу» орталығының филиалдары, ЖОО, республикалық ұйымдардың өкілдері байқаушы ретінде қатысады.
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің хабарлауы бойынша биыл МОДО-мен 1471 мектеп қамтылып, 50 мыңға жуық білім алушы қатысады. Осы орайда, аталған іс-шарадағы академиялық адалдықты қаматамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалынан бақылаушы ретінде Заречный мектеп-балабақшасына директордың орынбасары Н.С.Трнабаева және әдіскер Л.Ж.Ермекбаева Әйтеке би ауданына жіберілді. Барлық білім беру ұйымдарына сәттілік тілейміз! Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жасау жұмыстары өз жалғасын табатын болады.


