Біліктілікті арттыру курстары педагогтарға өз біліктіліктерін арттырып қана қоймай, білім базасын кеңейтуге, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және әріптестерімен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Өрлеу виртуалды қауымдастығы – мұғалімдердің қандайда бір тақырып аумағында қызығушылығын туғызып, қай бағытта қолдау алғысы келетіндігін анықтап, нақты қажеттіліктерді білу – сапалы жоспарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Осы мақсатта курс аясында тыңдаушылармен кездесіп, Өрлеуде өтетін жоспарлы іс-шаралар және виртуалды қауымдастық туралы ақпарат берілді. Қауымдастықтағы мұғалімдер бір-біріне демеу болып, пәндер бойынша білім жетілдіру жолдарын талқылап, тәуліктің кез келген уақытында ақпаратпен, материалдармен алмаса алады.
«Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас» демекші, кәсіби қауымдастықта бірлескен мұғалімдер күші талай белестерді бағындыратындығына сенімдіміз!