Спортты дамытудың заманауи мәселелері талқыланды

«Ақтөбе-Өрлеу» мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті арасындағы ынтымақтастығы бойынша бірлескен жұмыстар жалғасын тауып келеді. Бүгін аталған білім ордасының ұйымдастырумен «Дене мәдениетін және спортты дамытудың заманауи мәселелері» атты VІІІ-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шетелдік және отандық ғалымдар спортты дамытудың заманауи мәселелері талқыланған ғылыми-практикалық конференция жұмысына институт тарапынан аға оқытушы Болат Бухарбаев қатысты.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ұйымдастырумен өткізілген конференцияға: Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті, Орал мемлекеттік дене шынықтыру институты, Тольятин университеті, Ресей мемлекеттік дене шынықтыру университеті, Қазақ спорт және туризм академиясы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Гумилев Еуразиялық университеті және тағы да басқа жоғары оқу орындарының ғалымдары онлайн және офлайн форматта қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі кезеңде дене шынықтыру сабақтарында және спортшыларды дайындауда оқу-жаттығу процесінде инновациялық технологияларды енгізіп, оны білім беру үдерісінде тиімді қолдану қажет. Сондықтан мұндай шаралар мұғалімдер мен жаттықтырушылар үшін тәжірибе алмасу және ғылыми-зерттеулер саласындағы бірлескен бағыттармен жұмыс жасауда үлкен маңызға ие.

Әлеуметтік серіктесімізге ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар