Сыныптан және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу

Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушылары Көмекова Сандуғаш және Абайдуллаева Айгүл Республикалық физика-математикалық мектеп базасында интернат тәрбиешілеріне «Интернаттық ұйымдарда сыныптан және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырды.

Мектеп-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жақсыбаева Ляззат және интернат меңгерушісі Қалдыбаев Ербол сыныптан тыс жұмысты сабақтан тыс уақытта ұйымдастыру бағыттарымен таныстырды. Баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз ету мен оқушылармен әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру туралы баяндады.

Интернат тәрбиешілері өз тәжірибелерінен интернатта өткізетін әртүрлі тәрбиелік-оқытушылық іс-шаралар кешенін көрсетті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар